Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Аты Петр…”. Ислам Кәрімовтің ұлы бар екен

312

Оның шағымы бойынша сот отырысы 24 қазанда өтеді. Жауап беруші – “Узбекистон хаво йуллари”, – деді Тверск аудандық сотының төраға орынбасары Анастасия Дзюрко.

Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Петр Каримов ұзақ жылдар бойы «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясында басшылық қызметте істеген.

Бірақ 2016 жылы әкесі қайтыс болғаннан соң, қызметінен алынған. Петр Кәрімовтің шағымы бойынша, компания жұмыстан шығарар алдында айлық төлемеген.

Бірақ «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Зумрад Шоджалилов жергілікті БАҚ-қа компанияның Петр Каримовпен толық есептескенін айтқан. Шағымданушыға да, осылай деп жауап берген.

Ислам Каримов тірі кезінде оның Петр атты ұлы жөнінде ашық айтылмайтын. Бірақ соңғы жылдары Уикипедияда Ислам Каримовтің бірінші рет өткен ғасырдың 60-жылдардың соңында үйленгенін, Наталья Кучмамен арадағы некеден ұлы бары жазылған.

Петр Каримов Исламұлы 1969 жылы туған.

Қазір Петр Каримов Мәскеу облысында тұрады. Экономикалық білімі бар. Ол біраз уақыт «Азия-Инвест Банктің» басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз