Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Аты бір заты бөлек екі Қорғас — айырмашылық неде?

Ал біз жақтағы көңіл-күй неғұрлым бәсең. Қазақ Қорғасы – бар болғаны, көрікті мешітті қоршаған ондаған ескі үйлер. Жаңа темір жол стансасында жым-жылас тыныштық. Бір жағыңызда құм төбелер болса, қарсы бетте бір отар қой жайылып жүр. Жаңа вокзал мен заманауи шоссе толық шалғайда қалған көңіл-күймен үйлеспейді.

Жол бұрылысының ар жағында үш алып сары крандар қылтиып көрінеді. Қорғаста алып құрылыс жүріп жатыр: бұл жерде әлемдегі ең алып құрлық порттарының бірі бой көтермек. Ол жерде жеткізілетін орнына сәйкес, тауарларды жылдам түсіретін және қайтадан қаптайтын болады. Алып крандар жүкті пойыздың бір басынан екінші басына дейін бар-жоғы 47 минутта ауыстыруға мүмкіндік береді.

horgos-master

Қытайлық Қорғастың жобасы

Жаңа Жібек жолы — алға жетелей ме, әлде артқа тарта ма?

Порт толық қуатпен жұмыс істей бастағанда, сауда жолының бойында жаңа өндіріс аймақтары мен қалалар пайда бола бастайды. Шекара маңындағы аумақ қытайлық өндірушілерді қызықтыруда: соңғы уақытта олар Ресей шекарасында кедендік баж салығын төлемеу үшін Қазақстанға бейімделіп жатыр.

Құрлық портының құрылысына бұрын Дубайда жұмыс істеген бельгиялық Карл Гейзен басшылық етеді. Гейзеннің айтуынша, жобаның осал тұсының бірі — инфрақұрылымның әлсіз дамуы. Алайда психологиялық кедергінің бар екенін де жасыруға болмас – Шығыс пен Батыс, Қытай мен Еуропа арасында үлкен айырмашылық бар, ол бизнесмендердің де, мемлекеттік құрылымдардың да жұмысына әсер етеді. Гейзен бұл кедергінің құлайтынына сендіреді, міне, сол кезде бұл тосқауыл бұзылып, барлығы өзгереді. Содан кейін континент Еуропа және Азия болып бөлінбейтін болады.

Сырт көзге, Еуропа мен Қытайды байланыстыратын темір жол, автомагистральдар жүйесінің, энергетикалық және сандық инфрақұрылымның салынуы өте пайдалы іс. Бүгінде тауарларды Қытай порттарынан Еуропаға жеткізуге 36 күн қажет, ал жаңа бағыт ол мерзімді 10 күнге дейін қысқартады.

IMG_5702-714x476

Алайда жобаның кемшілігі де болуы мүмкін.

Жаңа Жібек жолы үйреншікті геосаяси ахуалды бұзып, бізді XIX ғасырға қайтаруы мүмкін,

ол кезде алып державалар Еуразияға өктемдік жасау үшін өзара тартысқа түскен еді. Мысалға, күні кеше Астанада бірнеше қытайлық атқамінер талқылаған логистиканы алайық. Жобаның саяси тәуекелдердің ықпалынан тыс екеніне инвесторларды қалай иландыруға болады? Талқылауға қатысқандардың кейбіреулері қауіпсіздіктің жаңа түрлері туралы сөз қозғады, олардың айтуынша, салынып жатқан көлік және коммуникация жүйелерін қорғау үшін арнайы шараларды жүзеге асыру қажет екен. Мемлекет иелігіндегі қытайлық «Датан» корпорациясының бизнесмені Чен Фуде халықаралық бітімгерлік күштерді пайдалануды ұсынды.

Қазақ неден қорқады?

Қазақстанда бәрінен бұрын, елде қытайлықтардың ықпалы күшейіп кетеді деп, қауіптенуде. Мәскеу де, Орта Азия да Қытай сияқты мықты бәсекелестің пайда болғанына алаңдаушылық білдіріп отыр.

IMG_6724-714x476

Жаңа Жібек жолының әлеуетті пайдасы орасан зор, бірақ тәуекелдерде оған пара пар. Атап айтарлығы, неге екені белгісіз, бірақ Еуроодақ әлі күнге дейін осы жобаға белсене қатысудан қашқақтап отыр. Қисынға келсек, Еуропа Азия арқылы өтетін құрлықтағы жолды қалпына келтіруге мүдделі болу керек еді. Бірақ әзірге жаңа Жібек жолын Қытаймен бірге Қазақстан, Иран және Түркия құрып жатыр.

Кейбір тарихшылар Жібек жолы — бірнеше ғасыр жұмыс істеген Орта Азиядағы керуен жолдарының жүйесі — сауда үшін емес, ең алдымен, мәдени алмасу үшін маңызды болған деген пікірде. Жібек жолы аясындағы экономикалық белсенділік шектеулі және негізінен оқшаулы болған. Ал осы бағыттар бойынша идеялардың, дін мен адамдардың қозғалысы әлемдік тарихты өзгертіп отырған, атап айтарлығы, бір рет қана емес.

Мүмкін, жаңа Жібек жолы немесе Қытай билігі Белдеу деп атағанды жөн көретін бағыт сондай рөл атқарар. Ол сауданың, өнеркәсіптің дамуына және адамдардың қозғалысына серпін беретін халық тығыз мекендейтін экономикалық дәліз болмақ. Саясат, мәдениет және қауіпсіздік салаларындағы осымен байланысты өзгерістер жобаның қосалқы салдары емес, оның түбегейлі ерекшелігі болмақ.

Жаңа Жібек жолы Еуразияны да, Қытайды да өзгертеді

Си Цзиньпин басқарған Қытай өзгеріп келеді. Қытай экономикалық алыпқа айналғанымен, әлеммен тек сауда арқылы байланыста болу қауіпті екенін түсіне бастады. Саяси тұрғыдан алғанда, Қытай оқшауланған күйде қалады, атап айтарлығы, ол басқа және Пекинге бағынбайтын елдер құрған жаһандық жүйеге тәуелді. Қытай билігі өздерінің саяси және мәдени ықпалы экономикалық қуатына сәйкес болғанын қалайды. Алдымен – Оңтүстік-Шығыс және Орта Азияда. Қазіргі таңда Пекинде студенттер жаңа парадигманы жаттап жатыр:

Қытай Дэн Сяопин қырық жылдай бұрын бастаған экономикалық реформалар кезінде қол жеткізген жетістіктерімен бөліскісі келеді

„Бір белдеу — бір жол„ жобасының көмегімен қытайлық билік Қытай имиджін өзгертпекші, сөйтіп, өз елінің әлем экономикасына қатысып қана қоймай, сонымен қатар оған белсенді ықпал ететінін, оны қалыптастыратынын көрсетпекші.

Халықаралық ықпалын кеңейту үшін, Қытайға батыстың идеолгоиясымен бәсекелесуге қабілетті жаңа саяси концепциялар қажет. Бір кездерде Орта Азия даласында жаңа өркениеттер қалыптасып, ескілері келмеске кеткен еді. Бүгінгі Қорғаста да тарихтың тынысы сезіліп тұр. Бірақ ол өткеннің жүгі, молалар мен кесенелерге табыну емес, келешекке бастайтын бағдар.

Мақаланың тұпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз