Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қатарынан пытырлатып үш бала туып алдым”. Сиви Махмұди осылай деп мақтанып жүр (видео)

«Сынды көтере алғаннан кейін де өнер жолында жүрміз. Бұл жолда жүргенімізге де 10 жылдан асты ғой. 2006 жылы келдім. Алдымен модель, актриса, сонымен қатар әнші болдық. Сонымен бәрін үйлестіріп жүрміз, Аллаға шүкір. Басында мені «байдың ерке қызы, істер ісі жоқ» деп мойындамайтын. Тұрмысқа шықпай тұрған кезде-ақ өнер жолындағы өзімнің құрбыларым неше түрліні айтатын. Жігіттер мені ұнатып қалса солардың алдында мені кекетіп: «Ақшасы бар, ақылдың қажеті жоқ» дейтін», – деп еске алды Сиви.

Әнші әрі продюсер кезінде өзіне қырын қараған жандардың барлығын мойындатқанын айтты.

Жұрт «байдың қызы» деп санайтын Сиви бүгінде үш баланың анасы. Дүниеге үш жыл қатарынан сәби алып келген ол бүгінде денсаулығына жіті көңіл бөлуде.

«Қолдан келгенше жас болғаннан кейін пытырлатып қатарынан үш бала туып тастадым. 2013, 2014, 2015 жылдары. Бәрі қаңтар айында туған. Бірақ өкінішке қарай, оған да денсаулық керек екен. Мен шамама қарамаппын. Қазір денсаулыққа көңіл бөліп жүрмін. Маған салса жылда туамын ғой», – деп пікір білдірді Сиви.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз