Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Атаңның басы!”. Үкіметтің “дағдарыс жоқ” дегені қай сасқаны?

200

“Дағдарыс бітсе, енді бензин, коммуналдық төлемдер қымбаттамайды. Дағдарыс бітсе, енді қолымыздағы ақшамыз құнсызданбайды”, деп қос алақанын уқалап, кеше “қиын кез келді, қимаса болмайды”, деп айырылып қалған кейбір әлеуметтік төлемдер де қалпына келтіріле ме, дейді ғой жұрт.

Расында, осы мүмкін нәрсе ме? Кaz.365іnfo.kz сайты бұл сұрақтың жауабына мамандарды тартып көрді.

“Атаңның басы…”

Иә, мамандар жауабының тоқ етер түйіні осы. Ал ондай мәлімдеме жасаған вице-министр Руслан Дәленовтің өзін сарапшылар біршама жерге апарып тастады.

– Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленовтің “бітті” деп отырғаны – қаржылық дағдарыс. Ал ол қазір нағыз шарықтау шегінде. Мамандардың есебі бойынша,

https://kaz.365info.kz/zhyr-osylaj-zhakhsy-bolsa-pamiti-nashar-ministr-sagyntaevtan-yrys-estidi-298094

ол 2018 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың қаңтарында төмендеп барып жоғалуы мүмкін. Әрине, министрлік мұны білмей отырған жоқ емес, біледі. Оны дәлелдейтін талай том-том құжаттар да үстелде жатқан шығар. Бірақ сауатты цифр мен тұщымды баяндамаларды ұғатын бізде сауатты басшы жоқ.

Ал білетін адамдарды ешкім тыңдамайды.

Бір жылдың ары-берісі не? Оны ұғып жатқан кім бар деп ақ жағалылар алуаулатып жатқан шығар қазір. Бірақ көзі ашық қауым бар, өтірігін неге байқамаймыз біз? Неге жалпы ішкі өнімнің көрсеткішімен мақтанған вице-министр инфляцияны айтпайды?

Құнсыздану деңгейі жылда 7 процент. Сұмдық қой.

Ал бұл өндірістерге ақша дұрыс бағытталмайды, Қазақстан аз тауар шығарады, импортқа тәуелді деген сөз. Мұны өзгертуге болады ғой бір жыл болмаса келесі жылында.

https://kaz.365info.kz/byzyp-zhiberedi-tanymal-ekonomist-memlekettik-khyzmettin-nege-zhaman-ekenin-ajtty-294083

Ал бізде қаншама жыл болды, еш өзгеріс жоқ. Құнсыздану, құнсыздану, тағы құнсыздану. Кедейлер кедейленіп, байлар одан сайын байи түсуде.

Сондықтан бұл қара халыққа қатты батып барады.

Тамыр-таныспен жиналып алғандар өңшең…

Осылай деп әңгіменің бір шетін қайырған халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы бұл арадағы барлық гәп басқару аппаратындағы дағдарыстан, кәсіби деңгейдің жоқтығынан туындап жатқанын айтады.

– Қазақстанға әлемдік қаржылық дағдарыстан гөрі іштегі – білімсіз, біліксіз, өз саласын жетік білмейтін басшылардың дағдарысы қатты тиюде. Көріп отырмыз ғой,

бүтін саланы сеніп тапсырған министрлеріміздің Елбасынан естігені сөгіс, халқынан алғаны қарғыс!

Енді ше, жан-жақтан, тамыр-таныспен жиналып алғандар өңшең, – дейді ол.

Саясаттанушы Кеңес Сманов мұндай мәлімдеме жасаған Руслан Дәленовті пысық жігітке жатқызды.

– Мұнай бағасы ғой, оның сеніп отырғаны. Бюджет 45 долларға сүйенген, қазір нарықта мұнайдың бір баррелі 60 доллардан сатылуда. Демек, Қазақстан үшін қаржы тапшылығы тәуекелі белгілі бір деңгейде төмендеді. Бұл Ұлттық экономика министрлігі үшін жақсы нышан. Оның айтқысы келіп отырғаны осы негізі.

Үкімет жағалай сынға ұшырап жатқанда ол осылай мақтанып қалып, тағы бір көзге түсіп қалғысы келіп тұр ғой. Басқа түк те емес.

Әйтпесе мін іздесеңіз, бұл министрліктің еңсере алмай жатқан шаруасы қыруар ғой, – дейді саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/parlament-pen-deputattardan-pajda-zhokh-bizdi-khogamdykh-kenester-khytkharady-sarapshy-252416

Айта кетелік, кеше Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов: „Үкімет экономикалық дағдарысты жеңді„ деп мәлімдеген:

– Макроэкономикалық болжам әлі нақтыланатын болады. Өткен жылдың көрсеткіштері болжағанымыздан әлдеқайда жақсы болды. Инфляция да төмен. Халықаралық баға – жоғары. Өнеркәсіп өсті, әртараптандырылды. Жалпы, болжамымыз бойынша енді біз биыл “тезірек, жоғарырақ, күштірек” алға жылжитын боламыз. Жалпы алғанда, Қазақстанда дағдарыс аяқталды, – деп дүңк еткізген ол кеше Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында.


https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз