Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атамекендіктер лидерін тіл емтиханына жібермесе, аштық жариялайтынын ескертті

Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Өмірбек Текебаевтың емтиханға қатысу, қатыспауын тек сот шешеді деп мәлімдеген. Партия өкілдері “Ата Мекен” партиясы лидерін қолдап 40 мың адам қол қойған. Бірақ ол емтихан тапсырмайтын болса, сайлауға түсе алмайды.

“Бүгін Текебаев ісі бойынша сот оның қатысуынсыз өтті. Біздің қазір аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады,” – деді партия өкілі Сасықбаева.

25 шілдеде Бірінші май аудандық соты Айбек Эрнисұлы Өмірбек Текебаевтың адвокатының сайлау құқығын қамтамасыз етіп, төлқұжатын қайтару жөніндегі ұсынысын қабылдаудан бас тартқан. Кейін ОСК оны емтиханға жіберу мәселесі бойынша сотқа жүгінуге кеңес берген. Текебаевтың үстінен коррупция ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол қамауда отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз