Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Атамбаевтың сенімді адамына іздеу жарияланды

ҰҚМК Икрамжан Илмияновқа іздеу жарияланғанын хабарлады. 2018 жылдың маусым айында ол елден шығып кеткен екен, содан бері оралмаған. Оның қайда екені белгісіз.

Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының басшылығы бұрынғы президенттің кеңесшісінің қазір қайда екенін білмейді. Партияның ресми өкілі Құндыз Жолдубаеваның сөзінше, Илмиянов соңғы рет байланысқа 2018 жылдың жазында шыққан.

Жүргізуші лақап атымен танымал Икрамжан Илмиянов экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ең сенімді адамы.

Атамбаев президент болған жылдары оның мансабы бірден өсті.

2010 жылы Атамбаев премьер-министр болып тұрғанда оның кеңесшісі болған. Кейін Атамбаев президент болып сайланғаннан кейін Илмиянов президент аппараты басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз