Бүгін “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басқарушысы Қарғызстан Республикасының басшысының жақында берген мәлімдемесіне жауап қатты.
Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев журналистерге былай деді:
“Егер мен (Қазақстанның ЭКСПО өтілуіне жұмсаған қаражатындай) ақша жұмсасам, мені тірідей өртеп жіберетін шығар.. Ал, Қазақстанда халық өз билігін қолдайды. Мен қызығамын, рас айтамын”.
Мен қырғыз халқы өз басшыларымен не істеп жатқандарын білмеймін,- деді күліп Ахметжан Смағұлұлы,- Бірақ, бізде елбасымыздың әр бастамаларына халық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, өзім айналысып жүрген аталмыш жоба жайлы сөз қозғасақ, ЭКСПО-дағы құрылыс объектілеріне $3 млрд емес( Атамбаев айтқандай), $1,3 көлеміндегі қаржы жұмсалды. Салынған ғимараттар сапалы, болашақта еліміздің көркі болып қана қоймай,Қазақстанға 10 шақты жыл қызмет жасайды. Олар, сонымен қатар, салынған бағасын ақтап жатыр. Қазірдің өзінде демеушілік, билет сатылымы, аренда, лицензиалы-инвестициялық қызметтері мен жарнама орналыстыру, көлік тұрақтары мен қаржының дұрыс жұмсалуы нәтижесінде кіріс көлемі 70 млрд теңге немесе $220 миллионға, жетті. Сол себепті, байқап отырғандарыңыздай, Атамбаев мырзаның біздің көрмеге қатысты мәліметтері біршама дұрыс емес.
Дереккөз: forbes.kz