Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Атамбаевқа жасалған шабуыл және Молотов коктейлі: қазандағы Қырғызстан

133

4 қазанда Қырғызстанда көптен күткен парламенттік сайлау өтті. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап, дауыстарды қолмен санауда да ереже бұзушылықтар тіркелді. Барлық жерде бақылаушылар, журналистер мен партия өкілдері көп болды. Әлеуметтік желілерде  заң бұзушылықтар туралы видео және фото дәлелдер тез таралып кетті.

Барлығы неден басталды?

Айта кету керек, елде адал сайлау өтеді деп ешкім күткен жоқ. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сарапшылар  дауыстың 22%-дан астамы сатып алынғанын хабарлады. Сондай-ақ, Қырғызстан ОСК мүшелері №2 нысан бойынша сайлаушылардың  белсенділігі күдік тудыратын бірнеше рет ескертті. Бұл нысан тіркелген жеріне қарамастан  дауыс беруге мүмкіндік береді.

ОСК мәліметінше, 500 мыңға жуық азамат дауыс беруге ниет білдірген. Бұл түрлі аймақтардағы бағынышты партиялардың дауысын біркелкі бөлу үшін қажет болды.

Коронавирус өрши түсті: вирус жұқтырғандардың саны екі айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті

Дауыстың сатылуына алдын алатын кең ауқымды науқанға қарамастан, сайлаушылар оларды бір-екі мың сомға сатты ($12-25). Партиялар сайлаушыларды автобуспен учаскелерге жаппай жеткізді.

Бақылаушылар видео материалдарды жариялады, онда адамдар партия модераторларына көрсету үшін бюллетеньдерін суретке түсіруге тырысқаны көрінеді. УСК мүшелері мен түрлі партия жақтастарының журналистерге шабуыл жасау жағдайлары тіркелді.

Барлық фактілер интернетте жарияланды және оппозициялық партиялар мен олардың жақтастары арасында наразылық тудырды. Наразылық білдірушілер сол күні кешке «Ала-Тоо» алаңына жиналып, мерзімсіз митингілер өткізетіні туралы жариялады.

https://kaz.365info.kz/khazakhstanga-sheteldik-zhymysshylar-ne-yshin-kerek-353446

Қырғызстанның социал-демократтар партиясының кандидаты Айжан Мырсан:

«Біз бұл билікке соғыс жариялаймыз. Қырғыздар құл емес, біз мұны екі рет дәлелдедік».

Сайлаудың алдын ала қорытындылары 4 қазан күні түнде жарияланды. Болжамдарға қарамастан, қажетті шекті 7% -ды тек үш партия ғана еңсере алды, олардың барлығы биліктің партиясы: «Биримдик», «Мекеним Қырғызстан» және «Қырғызстан». Дауыстарды қолмен санау тағы екі партияны — «Мекенчил» және «Бутун Қырғызстанды» тартуға көмектесті. Бірақ бұл ешкімге қызық емес еді.

Сайлауға 16, оның ішінде 13 оппозициялық партияның қатысқанын түсіну маңызды.

Ақ үйдің құлауы

Сайлау нәтижелеріне наразы оппозициялық партиялардың жақтаушылары 5 қазан күні таңертең Ала-Тоо алаңына жинала бастады және кешке митингке 10 мыңнан астам адам қатысты. Спикерлер  ұрандатып, көпшілікке жігер берді және билік сайлау нәтижелерін заңсыз деп тапқанша көшеде қалуларын сұрады.

Наразылық акциясы жабайы болғандықтан дыбыстық жабдықтар дұрыс жұмыс істемей, митингтің күн тәртібіне байланысты мәселелер туындады. Спикерлер  микрофон үшін күресіп,  қақтығыстар болды. Саясаткерлер арасында келісімдер болмағаны белгілі болды. Билік те митингіге шыққандармен ашық диалогқа келе алмады.

Митингтің бейбіт сипаты кешке дейін ғана сақталды, кейін агрессивті жастар алаңдағы жағдайды пайдаланып, Ақ үйге қарай бет алды. Олар «Ақ үйге» деп айқайлады.

Алғашқы жарылыстар естіліп, наразылық білдірушілерге көзден жас ағызатын газы бар оқ атылды. Алаңға шыққандардың басым алаңнан кете бастады, қаладағы көлік кептелісі болды. Алғанынан қайтпайтындар алаңға жақын көшелерге жиналды.

Адамдар Молотов коктейльдерін дайындады, қолдарына темір алып, өртенген қоқыс контейнерлерін таран ретінде пайдаланды

ОМОН Ақ үйдің маңына жұмылдырылғанмен, оны көтеріліске шыққандар барлық жағынан қоршап алды және  аймақтардан  көмекке басқа да азаматтар келгенде, олар қаланы көпшілікке қалдырып, қашуға мәжбүр болды. 2005 және 2010 жылдардағы оқиға кезінде көптеген мемлекеттік және жеке нысан наразылық білдірушілер мен тонаушылардың  қолына түсті. Абырой болғанда, бұл жолы бизнес зардап шеккен жоқ.

Атамбаевты босату

6 қазан күні таңертең наразылық білдірушілер ҰҚК ғимаратына келіп, саяси тұтқындарды босатты. Олардың арасында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков, бұрынғы депутат Садыр Жапаров және басқалар бар.

Халықтың басым көпшілігі президент Сооронбай Жээнбековтің режимінің құлағанына қуанды, бірақ келесі күні өкінгендер де болды

Жээнбековтың өзі қолындағы билікті беріп қойып қарап отырмайтынын танытты және құқықтық алаңға оралуға шақырып, өтініш жасады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қырғи қабақ күрес күндері Қырғызстаннан шықпады және елден қашуды жоспарламады.

5 қазанда алаңда билік пен оппозицияны бөлшектеуге сырттан тартылған күштің араласқаны анық. Әлемдік және аймақтық державалардың қатысы жоқ,  бұл шын мәнінде ішкі қарама-қайшылық. Бұрынғы тұтқын Садыр Жапаровтың, бұрынғы депутат Қамшыбек Ташиевтің және олардың  «Мекенчил» партиясының тез көтерілуіне қарап, олардың  тыңғылықты жоспары болды, ал қалғандары жай оқиға ағынмен жүрді деп болжауға болады.

Жаңа кейіптегі ескі режим

Ақ үй құлағаннан кейін бұрынғы революциялық романтика бірден жоғалып кетті. Бір күн бұрын бас қосып, біріккен оппозиция бытырап кеткендей көрінді. Биліктің кіммен келісімге келерін білмеді. Ел командирлер алаңына айналды.

Милиция қызметкерлері болмағандықтан ірі қалалардың көшелерін түрлі партия мен саясаткерлердің агрессивті жақтастары басып алды. Мемлекеттік мекеменің бір ғимаратынан екіншісіне ауысып, олар қарапайым азаматтарды үрейлендірді. Кешегі оппозиционерлер мемлекеттік мекемелерге кіріп, өздерін министрлер, мэрлер, бастықтар және менеджерлер деп жариялады.

Хакерлер мен киберқылмыскерлер неліктен Қазақстанға қызығушылық танытады?

Мұндай оқиғалар Бішкекте ғана емес, басқа қалаларда да болды. Мысалы, екінші маңызды саяси орталық Ош қаласында да жағдай қайталанды. Таяқтың бір ұшы шетелдік инвесторларға да  тиді. Таласта наразылық білдірушілер «Джеруй» алтын кен орнының қызметтік ғимаратының бірін өртеді.

Елде заңды билікпен келіссөздер жүргізу үшін бірнеше үйлестіру кеңесі құрылды және олар бір-бірін мойындамады. Президентті видео хабарламаларды жазды, бірақ бұл тек әлеуметтік желі қолданушыларың өшпенділігін арттырды.

Қалаларда бір уақытта бірнеше митинг өтті, онда түрлі талап қойылды. Митингіге жиналғандардың ұраны да бір-біріне қайшы келді. Мысалы, Жапаровтың жақтастарының митингісі өткен жердің жанында биліктегі жастар мен жалпы люстрация үшін наразылық өтті.

Аз ғана арандату қантөгіске әкелуі мүмкін еді, ішкі қауіпсіздік жүйелері де жұмыс істемеді

Саясаткерлеге қарсы оқ атылды

Тәртіпсіздіктердің шарықтау шегі 9 қазанда болды. Ол кезде бірнеше партия  премьер-министр лауазымына Омурбек Бабановты ұсынып, Жапаровқа қарсы екендігін білдірді.   Жастардың ҰҚТ-ға қарсы шеруі «Ала-Тоо» алаңының жанындағы Атамбаев пен Бабановтың жақтастарының бейбіт акциясымен біріктіріліп, онда жапаровшылар да митинг өткізді. Көңілдері көтеріңкі саясаткерлер трибунаға шығып, жеңімпаздың сөздерін айта бастады. Алаңға 10 мыңға жуық адам жиналып, Жапаровтың жақтастары шегінуге мәжбүр болды.

Қайта топтасып, олар трибунаның артына келіп саясаткерлерге тастар мен бөтелкелермен лақтыра бастады. Атамбаев, Бабанов және басқа да саясаткерлер өздерінің күзетшілерінің қорғаумен қашуға мәжбүр болды.

Саясаткерлер көлік құралдарына отырған кезде оқ атылды. Ақ үйдің жанында тағы бірнеше тарсылдаған дыбыстар естілді, онда бұрынғы премьер-министрдің күзетшісі Темір Сариев атылды.

Атамбаев пен Бабановтың автокөліктерге оқ атқандардың жеке басы бүгінгі күнге дейін анықталмады

Осы оқиғалардан кейін Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді. Әскери қызметкерлер астанаға кіретін және шығатын жолдарды жауып тастады. Коменданттық сағат енгізілді, бірақ қатаң бақылау болған жоқ. Жапаровтың жақтастары жеңісін атап өтті. Үкімет үйінде отандық шоу-бизнес жұлдыздары өнер көрсетті,  жаңа биліктің қалың көпшіліктің қолдауына ие екенін көрсету үшін  оларды түн ортасында қорқытып шақыртып алды.

Садыр Жапаров. Ол кім?

Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және кепілге алынғаны үшін сотталған бұрынғы депутат Садыр Жапаровтың қолдаушылары көп. Бішкекке өз көшбасшысын қолдап келгендер біршама болды. Бір ғимараттан екінші ғимаратқа кіріп, билікті күшпен тартып алушылар да солар.

Агрессивті топ шенеуніктер мен депутаттарды үрейлендірді. Ақ үй құлағаннан кейінгі Парламенттің алғашқы шұғыл отырысы «Достық» қонақ үйінде өтті, онда  елдің премьер-министрі лауазымына Жапаровтың кандидатурасы қаралды. Кейбір

депутаттар Жапаровтың жағынан ғана емес, ҰҚТ-ның араласуынан да қысым көргенін мәлімдеді

Әңгіме Коля Қырғыз деген лақап атпен белгілі Қамшы Көлбаев туралы болды.

Заң ережелері мен қоғамға деген сенімсіздік салдарынан Жапаров Парламенттің мақұлдауын бірнеше рет алуға мәжбүр болды. Президентпен кездескеннен кейін парламент кеңес өткізіп, оны заңды түрде премьер-министр етіп сайлай алды. Өз көшбасшысы үшін барлығына дайын адамдар Жапаровтың  жанында кезекшілік етті.

Көп ұзамай Жапаров Жээнбековты қызметінен кетуге көндіре алды. Заң бойынша Президенттің өкілеттіктері парламент спикеріне беріледі, бірақ ол оны премьер-министрге тапсыра алады. Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін Жапаровтың жақтастары парламент спикері Қанат Исаевқа қауіп төндіре бастады. Егер ол өз қызметінен бас тартпаса, оның үйін өртейміз деп сес көрсетті.

Түрмеден саясаттың олимпіне шықты

Осылайша, Жапаров қысқа мерзім ішінде саяси тұтқыннан премьер-министрге және Қырғызстан президентінің міндетін атқарушыға айналды. ҰҚТ тарапынан ықтимал қолдау, менмендік маневрлер мен Жапаровтың табандылығы оның саяси аренадағы жетістіктерінің заңдылығына күмән тудырады.

Айта кету керек, тәртіпсіздіктер кезінде премьер-министрдің жақтастарының бір бөлігі «Ақ Кеме» мемлекеттік қонақ үйіне орналастырылып, автобустарға  отырғызып, қала ішіне таратылды. Жапаровты қолдайтын әлеуметтік желілердегі фейк-аккаунттар мен тролльдердің белсенділігі де күдікті көрінеді.

Қазіргі уақытта Жапаров шексіз билікке ие. Ол бір уақытта премьер-министр және президент қызметін атқарады. Парламент іс жүзінде оған ант берді және жаңадан құрылған премьер-министрдің барлық жоспарларымен келіседі.

Адвокаттар мен белсенділердің ескертулеріне қарамастан, Жапаров пен парламент қайта парламенттік сайлау өткізбеуге шешім қабылдады. Сондай-ақ, парламент өз өкілеттіктерін 2021 жылдың маусымына дейін ұзартты. Қырғызстандағы президент сайлауы 10 қаңтарға белгіленген, содан кейін жаңа жоспарға сәйкес Конституцияны өзгерту бойынша референдум өтеді.

Бір айта кетерлігі

негізгі заңға түзетулер енгізетін бағдарламаны әлі ешкім көрген жоқ

Осы үдерістердің барлығынан кейін ғана парламент сайлауы өтеді.

Билікті жаппай басып алу әрекеті айқын көрінеді. Қырғызстанда бұл кешірілмейді, сондықтан елдегі саяси дағдарыстың жаңа кезеңі қайта күшейе береді. Қыста немесе көктемде жаңа наразылық толқынын болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз