Өзі тоқтаған қонақүйден Сюзан Монаган әнші Бейонсе мен оның күйеуін көріп, Instagram желісінде жұлдыз болды.
Әншіге таңдана қараған ол суретке кездейсоқ түсіп қалады. Фотосуретті әнші Бейонсе ғаламторға жүктеген. Сол бойда аз уақытта бұл сурет 4,5 млн-нан астам адам қараған.
Сюзан Монаганның айтуынша, ол Нью-Йоркке немересінің гимнастикадан жарысын көруге келген. Және түскі астан кейін қонақүйдегі бөлмесіне оралғанда, жұлдызды жұп кездейсоқ алдынан шығады. Аузы ашылып қалған Сюзан осылайша Бейонсенің телефонындағы кадрға түсіп қалады.