Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ата-анасы өлтірген 7 жастағы баланың қолынан жантүршігерлік хат табылды

199

Неге екенін білмеймін, ешкім менімен ойнағысы келмейді. Мен басқа балалармен дос болуға тырыстым. Алайда олар меннен жиіркенетіндерін айтты. Бәлкім, мен күнде бір киімді киетініме күлетін шығар. Бір күні киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, біреудің күртешесін ұрлап кеттім. Одан кейін үйге қайттым. Дала өте суық еді. Қатты жел соғып тұрды. Кенеттен біреу артымнан қатты итеріп жіберді. Соның салдарынан қарға құлап түстім. Итерген сыныптастарым екен. Олар: «Сені барлығы жеккөреді» деді. Олар бірнеше рет арқамнан, ішімнен ұрып қашып кетті. Мен суық қарда жаттым. Мен жыладым. Тоңғаннан немесе ауырғаннан емес, барлығын жақсы көрсем де бірде-бір досымның жоқтығынан жыладым. Үйге келгенде анам менің кір киімімді көріп, шашыма жабыса кетті. «Қайда жүрсің? Неге үстіңнің барлығы кір, су? Тамақ ішпейсің. Бар да бөлмеңнен шықпай отыр» деді анам. Мен анамның айтқанын екі етпей бөлмеме бардым да ол жерде таңға дейін отырдым. Қарным аш болғанына қарамастан бөлмемнен шықпадым.

Менің сабағым күннен-күнге төмендей берді. Бұл туралы әкем білгенде соққының астына алатын. Бір күні қатты ұрғандығы соншалық сұқ саусағымды қимылдата алмай қалдым.

Оны сыныптастарым мазақ етті. Түнде кеуде тұсым қатты ауыра бастады. Мен төсекте жатып кеудемнің ауыруы қойса екен деп армандадым. Себебі мен ата-анамды ашуландырғым келмеді. Келесі күні мектепте армандарымызды қағаз бетіне түсіруге тапсырма берді. Меннен басқаларының барлығы көлік, зымыран мен әдемі қуыршақтарды салды. Олар мені қызықтырмағандықтан емес. Менің ең үлкен арманым ата-анамның мені жақсы көруі еді. Сондықтан мен анамды, әкемді және өзімді салдым. Олар бірге ойнап отырды. Мұны салып отырғанда көзіме жас келді. Мен ата-анамның мені қатты жақсы көргенін армандаймын. Суретті көрсететін менің кезегім жетті. Мен тақтаға шығып суретімді көрсеткенде сынып ду күлді. «Менің ең үлкен арманым – отбасы» дегенімде күлкілері күшейе түсті. Сол кезде мен жылап жібердім. «Өтінемін күлмеңіздер. Бұл шынымен де менің ең үлкен арманым. Сендер мені жеккөретін шығарсыңдар.

Алайда өтінемін менің арманыма күлмеңдерші! Мен де сендердікіндей ата-ана болғанын қалаймын. Олар мені құшақтап, менімен бірге күлгенін қалаймын. Ата-анам мені мектептен алып кетіп, менімен бірге ойнаса екен деймін. Білемін, мен сүйкімсізбін, әлсізбін, бір саусағым қимылдамайды. Алайда маған күлмеңіздерші!» деді Иван. Мұғалім менің көз жасымды сүртуге тырысты. Кейбір балалар мені түсінгендей болды. Алайда басқа балалар күлуін тоқтатпады. Бір күні бақылаудан екі алдым. Менің анам қатты ашуланатынын білдім. Анам күнделікті көргеннен кейін ызамен оны жерге лақтырып жіберді. Одан кейін екі рет басымнан ұрды да, бөлмеден шығып кетті. Қайтып келгенде мені еденге қарай итеріп жіберді. Мен баспен құладым. Жерде жатып, тұра алмадым. Анам бөлмеден шығып кетті. Қайтып келгенде маған бөлмені жинастырып қоюды бұйырды. Өйтпеген жағдайда үйге келгеннен кейін әкем мені жазалайтынын айтты.

Анам әкеме екілік туралы айтқанда әкем бетімнен ұрып жіберді. Одан кейінгісі есімде жоқ. Ауруханда есімді жидым.

Қолымның саусақтарын сезбей тұрдым. Сол кезде терезеге қарап, жылап жібердім. Көшеде балалармен ойнап жүрген аналарды көрдім. Менің не үшін жылағанымды білесіңдер ме? Себебі анам мені ешқашан құшақтаған емес. Олар мені тек ұрады. Мен әрқашан үйде жақсы бала болуға тырыстым. Алайда ата-анам мені жақсы көре алмады. Екі күн өткеннен кейін Ваня жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның қолында хат тауып алды.

«Қымбатты ана мен әке! Менің осындай ұсқынсыз және ақымақ екеніме өте қатты өкінемін. Сол үшін мені жақсы көре алмағандарың үшін өзіме ренжіп отырмын. Мен ешқашан сіздерге ашуланған емеспін. Мен тек анамның бір рет болса да құшақтағанын қаладым. Ал әкем сирек болса да менімен бірге ойнаса екен деп армандадым. Мен үшін ұялатындарыңызды білемін. Мен ешқашан …» Ваня хатын аяқтап үлгермеді.

Ваняның махаббатқа толы жүрегі тоқтап қалды. Бұл хатты әрбір ата-ана оқып, сабақ алса екен дейміз. Себебі барлық бала махаббатқа лайық. Әр минут, секунд сайын балаға зорлық-зомбылық көрсетіледі. Кейде жай ғана құшақтап оған күш пен бақыт сыйлай аламыз. Бірде-бір бала өзін сүйікті емес екенін сезбеуі керек.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

«Қамшы» сілтейді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз