Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Асырандысың”. 40 жыл басқа отбасында өскен әйел туған анасымен кездесті

431

Бұл туралы Stan.kz Ұлттық арнаның “Қарекет” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда күндердің күнінде көрші қыз оның асыранды бала екенін айтып қойған.

Бұдан кейін Қуангүл өзін асырап алған анасынан биологиялық ата-анасы жайлы білуге тырысқан. Алайда оның бұл талпынысы нәтижесіз қалған.

“Анам 2006 жылы жүрек талмасына ұшырап, құлады. Екі жыл жатты. Сол кезде: – Кетіп қалсаңыз қайтемін? Айтыңызшы, мүмкін ата-анам, туыстарым бар шығар?! – деп сұрадым.

Айтпай қойды. – Адам болдың, бала-шағаң бар, қайтесің, деді. Анама ешқандай ренішім жоқ. Бірақ сонда да қазақпыз ғой, тегімді, қайдан шыққанымды, ең болмаса руымды білсем деймін”, – дейді Қуангүл Бақтиярова.

1974 жылы дүниеге келген Қуангүлдің бүгінде 6 перзенті бар. Жасы 40-тан асса да ол туған анасын іздеуді тоқтатпаған. Ақырында оны “Қарекет” бағдарламасы арқылы тапты.

“20 жасында дүниеге әкелген. Ақтөбенің қызы екен, сонда туылыпты. Анасы бар екен, 80-нен асқан. Әкем туралы сұрап үлгермедім.

Ол кісі қазіргі Талдықорған өңірінің тумасы деді. Бір қызы мен бір ұлы бар. Олар да мен жайлы біледі, қуанып жатыр деді”, – дейді Қуангүл.

Анасының айтуынша, ол баласынан бас тартпаған. Сүйген жігітінен жүкті болып қалған ол студент кезінде жалғыз қалып, аңғалдықпен сәбиін балалар үйіне беріп қойған. Онысын кейін түсінген.

“Мен сенен бас тартқан жоқпын деді. Қызым тірі болса, бір күні мені іздеп келеді деп жүрдім дейді. Босанып, туып алған соң, кіндік әкем келіп: – Ауылда аттастырып қойған қызым бар еді.

Бақытты болыңыдар, маған ренжімеңдер, – деп екеуміздің маңдайымыздан сүйіп кетіп қалған екен. Ол кісі мені жатақханаға алып келген. Ол жерде вахтер, коменданттар қорқып, анамды үгіттеген.

 Сізді бір емханаға апарамыз, оқуыңызды оқисыз, арасында емізіп тұрасыз, – деген. Бұл кісі жастықпен алданып қалған. Сөйтіп жүргенде қазіргі жолдасымен танысады. Мен туралы айтады. Ол кісі мені қабылдап, айтулары бойынша, мені алып, саябаққа барады екен.

Уақыт өтеді, бір күні барса ауруханадағылар: – Сіздің қызыңыздың ақыл-есі кем, мүгедек. Өмір сүруі екіталай. Өзіңіз жассыз. Студент екенсіз, ештеңе жоқ, бұл баланы ұмытыңыздар, – деген. Барып тұрдық, бірақ кіргізбеді дейді.

Қазір ойлаймын, мүмкін мұғалімдердің әсері болды ма деп… Оның үстіне, өз анасы да қарсы шығыпты.

Ақтөбеге келме деп бас тартыпты. Бұрынғы атым Гүлмира екен, анамның өзі қойған. – Бір қателігім, өмір бақи сені іздеп көрмегенім, – деді. Ал олардың аурухана деп жүргені сәбилер үйі болып шыққан”, – дейді Қуангүл Бақтиярова.

Туған анасын тауып, оны құшағына басқан Қуангүлдің басқа арманы жоқ. Десе де, ол алдағы өмірінің қалай қалыптасатынын әлі білмейді.

“Уақыт көрсетеді”, – дейді Қуангүл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз