Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Асылып өлуге дайынмын”. Алматы облысының тұрғыны жетімдер үйіне өткен қызын қайтара алмай жүр

211

Ал Нұрбек Нұриқұлов Айарудың заңды әкесі екенін дәлелдей алмай көмек сұрауда.

Нұрбек Нұриқұлов өз қызынан тірідей айырылып көз жасы көл болды. Ол аудандық аурухананы айналшықтап Айаруын іздеп жүр. Күні кеше қызын ауруханадан көрген. Ал бүгін алып кетуге келсе, қызын сәбилер үйіне өткізгенін айтқан.

Өзінің айтуынша, екі апта бұрын туған қызын досына екі күнге қарай тұруға берген. Бірақ ауруханаға қалай түскенін білмейді.

«Қызымды Талдықорғанға жібердік дейді. Менің қолымсыз қалай алып кетеді? Ауылда да менің рұқсатымсыз қызды алып кеткен», – дейді әкесі.

Ал, дәрігерлер Айарудың ауруханаға тастанды бала ретінде тіркелгенін айтады. Сәбидің мұрнынан су сорғалап, өкпесінде сырыл болыпты.

«Бізге келгенде сәби тұмауратып тұрды. Қызуы көтеріліп, жөтелі болды. Барлық тексеруден өткізіп емдедік. Кейін құжаттары дайын болған соң қызды қамқоршылардың қарамағына жібердік», – дейді аудандық орталық аурухананың бабалар бөлімі меңгерушісі Зухра Қайнарқызы.

Мамандар Айаруды сәбилер үйіне уақытша орналастырған. Егер асырап алам дейтін жақындары болса, беруге де әзір. Ал құжаттары рәсімделмей Нұрбек Нұриқұловқа қызын көруге рұқсат жоқ.

Ал 100 мың теңге үшін қызын кепілдікке тастап кеткен анасы табылса, ата-ана құқығынан және бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз