Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Асылы Осман: “Біз бірлігімізді, дінаралық татулықты қадірлей білуге тиіспіз!”

210

Себебі, құндылығы күшті. Мағынасы зор. Ислам бейбітшілікке негізделген

Асылы апай «түсіне білген адамға «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген түсініктің өзі осы Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірге келуіне өзек болған дүниелердің бірі деген пікірде. Бұл осы елде тұратын барлық азаматтардың тағдыры ортақ, бағыты бір деген сөз.

Тағдырымыз бір болды екен, ендеше, бірлікті болуымыз керек.

Елбасының әрбір сөйлеген сөзіне мән берсеңіз, бәрі де осы бірлік пен татулықтың іргесін бекітуге бағытталғанын байқайсыз. Оның ішінде, Нұрсұлтан Әбішұлы дінаралық татулыққа ерекше мән беріп отыр. Оның дәлелі ретінде жыл сайын еліміздің бас қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін атауға болады.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезінген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан он бес жыл бұрын республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерді», – дейді Асылы Әлиқызы.

Жеке бастың мүддесі ешқашан да татулық пен бірліктен жоғары тұрмауы керек. Айналып келгенде, бұл саяси мәселе. Өйткені бірлік ел дамуының, оның экономикасының жасампаздықпен алған алға басуының кепілі, басты шарты.

Исламды зорлық-зомбылық діні қып көрсетіп, адамзат баласына қатер төндіріп отырған лаңкестік топтарды қатаң айыптап қана қоймай, сондай-ақ олардың арасында ағарту жұмысын жүргізіп, деструктивті ағымдардың арбауына көніп, арбауына түскен жастарды үйіріне қосу керек.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін осы саладағы үгіт-насихат жұмыстарын жандандырған жөн.

Сол лаңкестер пайдаланып отырған ақпараттық кеңістікке тосқауыл қою қажет. Әсіресе, жастар жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін имамдар дұрыс бағыт беріп, ақсақалдар ақыл-өнегесін айтып, қоғам боп тәрбиелеп отырған жөн.

Бейбітшілікке негізделген Ислам оқуға, білімді болуға үгіттейді. Дінсіз ғылым, ғылымсыз дін болмайды. Ғұлама Эйнштейн айтқандай: «Дінсіз ғылым – ақсақ, ғылымсыз дін – соқыр».

Жалған ақпар алған жастар жат ағымның жетегінде кетуде

Жастар кітап оқымайды

Ал бүгінде жастардың көбінің кітап оқымайтыны рас. Теледидардан, ғаламтордан көріп, тыңдағандарының ақ-қарасын ажырата алмай, адасып жатады.

Қазір бір отбасында бірнеше дінді ұстанатындар бар.

«Бұл жақсылық емес. Ондайға жол бермеуіміз керек. Өйткені дін – ұстай білгенге қасиет, ал ұстай білмегенге – қасірет. Менің айтарым, тәрбие болған жерде тәртіп бар, тәртіп болған жерде тәрбие бар», — дейді Асылы Әлиқызы.

Ұлттық құндылықтарды, дәстүрді жаңғыртып отыру маңызды. Ал ұлттың құндылығы оның жерінде, тілінде, дінінде, салтында, әдетінде, ғұрпында, әдебиетінде, мәдениетінде, өнерінде.

Сол ұлттық құндылықтарды түзетін, бір-бірімен сабақтастырып, жал-ғастыратын, олардың қатарында ұлттың жаны болып есептелетін терең қабаты, ең құндысы — тілі.

Әдебиетті де, мәдениетті де, тарихты да, салтты да, дәстүрді де жеткізетін ең құнды дүние — тіл. Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлыстар үшін қазақ тілі мемлекеттік тіл болып есептеледі. Себебі, қазақ тілі – мемлекет құрушы ұлттың тілі. Қазақ халқы үшін бұл міндет жүгі екі есе ауыр.

Біріншіден, ана тілі ретінде ардақтауы керек, екіншіден, мемлекеттің тілі болғандықтан. Елбасымыз әрдайым: «Тіл – ең ұйыстырушы негізгі фактор» деп айтады.

Расында, тіл білген адам құшақтасады, тілді білсең ғана, ұлттың жанын, болмысын, жан дүниесін, түптеп келгенде, оның ұстанған дінін ұғасың, түсінесің, қабылдайсың. Тілді білген адам сол ұлттың тағдырын, болмысын, бойындағы адами, асыл қасиетін ұғына алады, содан кейін барып оны сыйлайды.

Не нәрсеге де сүйіспеншілік болу керек, ниет болу керек. Қазақ: «Малымды алсаң ал, ниетімді алма» деген ғой. Адамгершіліктің ең шыңы – ниет. Ал сіздің ұятыңыз – бетіңізде, иманыңыз – жүрегіңізде.

Хадисте адамның бойында бір кесек таза ет бары, оның жұдырықтай жүрек екені айтылады. Адамның жүрегі қандай таза еттен тұрса, оның жан дүниесі де сондай таза болады. Сол адам пәк, сол адам таза, сол адамның бойында адамгершілік, асыл қасиеттер мол.

Өмірбек Байгелді: «Біздің жолымыз адамгершілік пен биік құндылыққа, берік дәстүрге негізделген»

Қазақи тәрбиенің имандылығы күшті

Қоғам сау болса, бәріміз де саумыз. Қоғамды сауықтыру отбасымыздан басталады, әрқайсымыздан басталады. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге қарағанда, қазақ тілді білім ұясын бітірген балалар әлдеқайда ибалы, имандылыққа жақын болады.

Ұлттық рух, салт-дәстүр қазақ тілдіде бар, орыс тілдіде жоқтың қасы. Сондықтан да ол жат пиғылға ілесуге бейім тұрады. Баланың бойындағы отансүйгіштік, еліне, жеріне сүйіспеншілікті арттыруымыз керек.

Ұлтын сүйген адам тілін де сүйеді, сол тіл арқылы ұлттың рухани парасатын бойына сіңіреді. Қазақтың көңілі даласындай дархан. Ниеті түзу. Дүниеге адам болып келгеннен кейін адами қасиетті сақтап өту міндет. Соны түсіне білу өзіңе зор жауапкершілік жүктейді.

Міне, сондықтан қазақтың дархан даласына түрлі түрлі діни ұстанымдағы ұлт пен ұлыс өкілдер бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың осындай бірлігі еліміздің жасампаздықпен алға басуының кепілі.

Асылы апай барлығымызды осындай бірлігіміз бен татулығымызды көздің қарашығындай сақтауға шақырады.

«Адам боп дүниеге келген соң, мәнді де сәнді өмір кешуіміз керек. Ал сондай мәнді де сәнді өмір адамгершілік пенен ізгілікке негізделеді. Сондықтан қандай дін ұстансақ та осы қасиеттерімізді қастерлей, сақтай білуге міндетіміз», – дейді сөзін тәмәмдаған Асылы апай.

365INFO.KZ АНЫҚТАМАCЫ:

Асылы Әлиқызы ОСМАН, 1941 жылы 13-тамызда Грузин ССР-і, Ахалкалак ауданы, Хавет селосында дүниеге келген. 1944 жылы ол отбасымен бірге Қазақстанға, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаңаталап колхозына көшіріледі.

Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін Түркістандағы педучилищеге оқуға түсіп, мектепте сабақ берген. 1963 – 1967 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Қыздар институтында оқып, оны өте үздік бітіреді.

1973 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1973-1993 жылдар аралығында Қазақстан ҒА Тіл білімі институтында қызметте болды. Монографиялар мен 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

2004 жылы Американың өмірбаяндық халықаралық зерттеу институты Асылы Әлиқызына «Әлемдегі 2004 жылдың ең таңдаулы әйелі» деген атақ берді.

«Батыс келіп жалаңаштады. Шығыс келіп тұмшалады» — Зейнеп Ахметова

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз