Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Асылхан Төлепов: театр актерлерінің еңбегі еленбей келеді

Сахнагер – еліміздегі театр өнеріне өлшеусіз үлес қосқан таланттарға табысталатын тұңғыш премия. Өткен жылы Астанада тұсауы кесілген ұлттық бәйге, биыл Алатау баурайында өтті. Асанәлі Әшімов басқаратын Қазақстан театрлар қауымдастығының шешімімен, 20-ға жуық жастар «Үміт» номинациясын еншіледі.

Ал, әріптестеріне аталмыш сыйлықты табыстаған Асылхан Төлепов, театр актерлары үшін бұрын-соңды мұндай марапаттың болмағанын айтады.

“Ештеңемен сахнаны алдай алмайсың. Ештеңемен сахнаны айырбастай алмайсың. Сол сияқты сахнаның орны бөлек. Театр өнеріне кішкене көбірек көңіл бөлінген дұрыс сияқты деп ойлаймын”, – дейді актер.

 

 

 

 

https://kaz.365info.kz/asylhan-t-lepov-t-re-ali-yl-i-keshigip-zh-redi-226542

Асылханның бұл сөзін Дәурен Серғазин де растайды. «Сахнагер-2018» бәйгесінде «Үздік актер» атанған өнері иесі, театр үшін тер төгіп жүрген таланттардың бірі.

“Кенже қалып жатыр. Бірақ театрдың жасап жатқан жұмысы орасан. Біз марапат үшін жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Біз сол халықтың көңілі үшін, Қазақстанымыздың мәдениетінің өсуі үшін жұмыс жасап жатырмыз”, – дейді Дәурен.

 

 

 

 

https://kaz.365info.kz/tolepovter-otbasy-ekinshi-ret-kelin-tysirmek-284598

Ал, «Үздік опера солисті» номинациясында жүзден жүйрік шыққан – әлем танитын Сүндет Байғожин.

“Тек қана үміт деп, оны үміттендіріп, оған наградасын беру ол әрине түсінікті. Бірақ сол үмітті ары қарай, Қазақстанның атын шет елге шығаратындай қылып, еліміздің өнерін шынайы таныстыратындай қылып,  өнер майталмандарын ары қарай жетелеу керек. Орта жолдан тастап кетуге болмайды”, – дейді Байғожин.

Еліміздің театрлар Ассоцациясы жастармен қатар, аға буынды да ұмыт қалдырмаған. «Сахналық ғұмыр» сыйлығы Қазақстаның Халық әртісі Сәбит Оразбаевқа бұйырса, Есмұхан Обаев «Театр өнерінің дамуына ерекше қосқан үлесі үшін» марапатына лайық деп танылды.

 

 

 

 

 

 

https://kaz.365info.kz/tagy-da-tizerlejmin-artur-tolepov-ozin-synagandarga-zhauap-berdi-307921

Сондай-ақ, «Сахнагер» ұлттық премиясында: «үздік сахна суретшісі», «үздік менеджер», «үздік театр сыншысы», «үздік драматург», «екінші пландағы үздік актер әрі актриса» және «үздік балет әртісі» сынды жүлделер де табысталды.

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз