Бұл күндері EXPO өткізіп жатқан Астананың автобусынан дау шықты, деп жазады BNews.kz.
Жүргізуші әдеттегідей автобусты жын ұрғандай жүргізеді екен. Біресе кей аялдамада ұзақ тұрады, біресе қатты жұлқып, тым қатты жүреді. Соған ашуланған бір жолаушы сөйлеп қалғаны сол екен, одан екі есе ашулы адам болып шыққан кондуктор әйел бас жаққа барыса жаздапты.