Бүгін Елордадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында ауқымды мерекелік концерт өтеді.
Мерекелік концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы құрметіне арналған деп хабарлайды осы сауда орталығының әкімшілігі. Ду-думан 16-желтоқсанның кешкі сағат 16.00-де басталады.
Кеш қонақтары – негізінен халық әртістері. Қазақстан эстрадасының жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина әсем әннен шашу шашады. Бұдан бөлек би ұжымдары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жүлделер мен сыйлықтар табысталмақ.