Астанада арнайы жапсырмалардың көмегімен шенеуніктердің қозғалысын бақылауға болады деп хабарлайды “КТК” телеарнасы.
Егер қалалықтар ерекше жапсырмасы бар автокөлікті ресторанның маңынан байқап қалатын болса, оның бейнекамераға түсіріп, WhatsApp желісіне жіберуге болады.
Мұндай хабарламалар үшін көзі қырағы қалалықтар 500-1000 теңге аралығында өз телефондарына бірлік алу мүмкіндігіне ие. Ерекше жапсырма 30 автокөлікке жапсырылды.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің автокөлігі мұндай “ерекшелік белгісін” иеленген жоқ, қала басшысы – жол жүріп кеткен екен.
“Нақты жұмыс уақыты бар, ол барлық мемлекеттік органдарда бірдей — 9:00-18:30 аралығы. Оған қосып, алатын уақыт жүргізушінің көлікті гаражға қою, өзінің басшысына бару т.б. бір-бір жарым сағат қосамыз. Егер сағат кешкі 20:00 кейін көлік қалада болатын болса, қай жерде болмасын, қызметтік көлікті қызметтік емес мақсатта пайдалану мүмкіндігі ықтимал болады”, — деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің директоры Қуаныш Жапақов.