Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанадағы Сирияға қатысты келіссөзге АҚШ ерекше мән беріп отыр – ҚР СІМ

Барлық делегациялардың дәрежесі жоғары, барлығы келіссөздерге қатысатындарын растады. Оған қоса, АҚШ бақылаушы ретінде қатысады.

Сәуірдің 28-і күні Нью-Йоркте біздің министріміз Әбдіраxманов мырза Тиллерспен кездескен болатын. Сол кезде АҚШ-тың мемлекеттік xатшысы Астанадағы келіссөздерге қатысуларын күшейтуге мүдделі екенін жеткізді. Бұл дегеніміз, олар бақылаушы қызметтерін күшейтеді. Біздің жоспарымызға сәйкес, мемлекеттік xатшының Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі көмекшісі келеді. Соны күтіп отырмыз”, – деді Тілеубердиев бүгін Үкімет отырысы аясында журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері де бірер сағатта келуі тиіс. Астанадағы келіссөздерге қарулы оппозицияның 16 өкілі қатысады деген болжам бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз