Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанадағы бесінші ана өлімі: жас анаға сирек кездесетін қауіпті диагноз қойылып отыр

https://kaz.365info.kz/astanadagy-khalalykh-perinataldykh-ortalykhta-tagy-bir-ana-koz-zhymdy-330273

Сонымен бірге, брифингте қайтыс болған әйелге қойылған алдын-ала диагноз хабарланды. «Бұл – аяқасты болған өлім. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылды. 2 қыркүйекте патологиялық сою жүргізілгенде, бұл диагноз расталды. Бірақ, бұл әлі де алдын ала болжам болып қала береді, апта соңында паталогоанатомдар гистологиялық зерттеуден кейін нақты диагнозды жариялайды», – деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Астанадағы бесінші ана өлімі: Жас анаға сирек кездесетін қауіпті диагноз қойылып отыр Қазақстанның штаттан тыс бас акушер-гинекологы, профессор Иван Корканның айтуынша, Қағанақ суының эмболиясы – өте сирек дерт, 10-15 мың жүкті әйелдің бірінде ғана кездеседі. Бұл жағдайда қағанақ сұйықтығының әйелдің қан ағысына түсуінен жүктілік немесе босану асқындайды.

 

«Оны алдын ала болжау әлемде мүмкін емес. Медициналық көмек көрсетілгенімен, әйелдердің 90% көз жұмады. Бұл – әлемдік статистика. Дәрігерлер әйелді құтқару үшін бәрін жасайды, ешқандай дәрігер пациентті жоғалтқысы келмейді. Дәрігерлер үшін де, туыстары үшін де бұл – орны толмайтын ортақ қайғы», – деді брифингте Иван Коркан.

«Босану алдында қағанақ суында нәрестенің тері бөліктері, зәрі мен нәжісі болады. Осының барлығы әйелдің қан ағысына түсуге тырысады. Мұнда санаулы минуттардың өзі маңызды. Тіпті дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе де, нәтижесіз болуы мүмкін. Әлем бойынша бұл диагнозда әйелдердің 10 проценті қағанақ суы аз мөлшерде енгенде ғана аман қалады», – деді Иван Коркан.

Әйелдің жүрек қызметі тоқтаған сәтте кесір тілігі арқылы баланы алу туралы шешім қабылданған. Әзірге шақалақтың жағдайы ауыр, бірақ дәрігерлер сәбидің оңалып кету мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз