Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астанада жүлдеге 13 мың доллар тігілген марафон сайысының жеңімпаздары анықталды

42 шақырымдық сайыста үздік тоғыздық марапатталды. Атап айтқанда, алматылық Ержан Жарасқанов (100 АҚШ доллары) мәре сызығын 9-шы болып кессе, 8-орында өскемендік Әмір Байтұқанов (300 АҚШ доллары) келді. Қырғызстаннан келген Жобардек Кошканбеков 7-орынды (600 АҚШ доллары) місе тұтты. Алтыншы және бесінші орынды қазақстандық қос марафоншы ШокрухДавлатов (1000 АҚШ доллары) пен Андрей Лейменов (2000 АҚШ доллары) иеленді. 4-орын Кениядан келген Тувей Титус (3000 АҚШ доллары) бұйырды.

42 шақырымдық марафонның ең ұзақ кезеңінен 2 сағат 18 минут 38 секундта өзбекстандық марафоншымен бірдей Белоруссия елінің жүйрігі Владислав Прямов та келді. Бірақ қазылар алқасының шешімімен Прямовқа күміс жүлде (6000 АҚШ доллары) тапсырылды. Ал жеңімпаздардың айтуынша, олар бірін-бірін қалдырмай, бастан-аяқ бірге келген екен.

«Шыны керек, бір-бірімізді күтіп келдік. Бір-бірімізді қолдадық. Соңымыздан Кения марафоншысы қалмай келе жатқан. Ертіп алайық деп едік қалып қалды. Қазылар не шешсе де көндік. Өз арамызда достық жеңді!» – деп күледі жеңімпаздар.

ІІ-орын алған белоруссиялық Владслав Прямов Рио Олимпиадасына қатысқан екен. Ал осыған дейін де халықаралық дәрежеде атағы бар өзбекстандық марафоншы Андрей Петров Азия чемпионатының 2013 жылғы чемпионы (Гонк-Конг) атанса, оған дейін де 2012 жылғы Ыстық көл марафонында бірінші келген. Марафон чемпиондары жаттығу кезінде аптасына 210, күніне 30 шақырым қашықтыққа жүгіретінін айтады.

«Ауа райы сәл салқындау болғанда, бірнеше минут ерте келер едік. Марафон үшін ең жайлы ауа температурасы 15-18 градус аралығы. Марафон болжап болмайтындай спорттың түрі болып табылады. Бүгінгі күні аспанға бұлттың үйіріліп, бізге сәл де болса көмектесті. Жел кедергі келтірген жоқ», – дейді жеңімпаз Андрей Петров. Алтын медальге ие болған Андрей Петровқа дипломмен бірге 13 мың АҚШ доллары табысталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз