Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада жоғалып кеткен студент Қарағандыдан табылды

Астанадағы Қазақ заң университетінің студенті Бақтияр Жаманғаревтың жоғалғандығы туралы алғашқы мәлімет 15-тамызда Instagram әлеуметтік желісінде тіркелді. Ондағы жазбаға сүйенсек, ол анасын әуежайдан күтіп алуы керек болған, бірақ ұшақтан түскенде анасы Бақтиярды таппай қалған. Элмира Жаманғареваның айтуынша, ол баласымен Ташкент-Астана рейсінің кешігіп ұшқалы жатқанын ескертіп, сөйлескен. Ал Астанаға ұшып келгенде баласы әуежайда да, үйде де болмаған. Ал телефон қоңырауына жауап бермеген. Біршама уақыттан соң студент тізгіндеген көлік ломбардтан табылған.

„Астана ішкі істер департаментінің ізкесушілері арнайы іздестіру шарасы кезінде 20-тамызда Бақтияр Жаманғаревтың орналасқан жерін анықтады. Ол Қарағандыда пәтер жалдап, тұрып жатқан. Ол аман-есен, қазір туған-туысымен қауышты, оған қатысты заңбұзушылық әрекеттер қолданылмаған„ – деді Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз