Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада жатақханада тұрып жатқан 37 отбасы далада қалуы мүмкін

Енді сот заңсыз салынған жатақхананы бұзбақшы. 37 отбасыға ескерту жасалған, 17 қыркүйекте олар баспанасыз қалады.

Жатақхананы салған адам бөлме иелеріне қала шетінен баспана алып беремін деп отыр. Бірақ ол уәдесінде тұрған күннің өзінде, үй алғанға дейін адамдардың қай жерді паналайтыны беймәлім.

Мұндай қиын жағдайдың алдын алу үшін мамандар үй сатып алардан бұрын құжаттарын тексеріп алған жөн деп кеңес береді. Ол үшін жергілікті атқарушы органға өтініш жасаса, салушының тұрғын үйге қатысты құқығы мен оның не мақсатта салынғаны туралы ақпарат ұсынады. Ал егер баспана тіркелген болса, үшінші тұлғалардың құқығы бар-жоғын тексеру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алған жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз