Бүгін сағат 11.56-да Астана қаласының Сарыарқа ауданында салынып жатқан жаңа нысанның тақтасы мен қабырғалары құлап, салдарынан 3 адам зардап шекті.
Олардың екеуі қаза болып, үшіншісі ауруханаға жеткізілді.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл мәліметті растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, үшеуі де құрылысшы.
Оқиға орнына 15 құтқарушы, үйіндіні қопаруға арналған мамандандырылған техника мен арнайы құрылғылар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы толық ақпарат пен опырылған жердің аумағы анықталып жатыр.