Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астанада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті (фото)

177

Бұл туралы Қызылорда обылысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазанат» ипподромындағы этноауылда ұлттық спорт түрлерінен (ат үстіндегі өнер, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақы тұқымды тазылардың көрсетілімі) жарыстар ұсынылды. Қызылорда облысынан аударыспақ бойынша ҚР жеңімпаздары Әбдінасредин Файзулла, Серік Әмірсейіт, күміс жүлдегер Серік Ғабит, қола жүлдегер Мұратхан Қуандық, бірнеше дүркін жүлдегер Ерсұлтан Исабек, жамбы атудан ҚР алғашқы чемпионы, теңге ілуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері Жарқынбек Алмағанбетов, жамбы атудан ҚР күміс жүлдегері Бекқали Өзденбаевтар қатысып, аймақ намысы үшін сынға түсті.

Ал түйе палуандар сайысында «Қазақстан барысы – 2017» атағын жеңіп алған Еламан Ерғалиев, ҚР чемпионы, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, ҚР чемпионы Нұрым Сәлімгереев, ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері Марат Баймаханов пен Жайдар Есеновтер бақ сынасты.

Сондай-ақ этноауылда Қызылорда облысы өнерпаздарының, оның ішінде жыршы-термешілер, дәстүрлі орындаушылар мен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерті және «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдар, Сыр сұлулары киген киім үлгісі, ХІХ ғасырдан бізге жеткен ағаштан ойылып жасалған кесеқап және т.б. жәдігерлер қойылды.

Айта кетейік, көрме 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оған Қызылорда облысынан 25 қолөнер шебері қатысуда. Сонымен қатар шеберлер сүйек өнімдерін өңдеу, тоқыма тоқу және зергерлік бұйымдар жасау өнері бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысының мәдени күндері өтуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз