Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада XIV Еуразия медиа форумы өтіп жатыр

Олар қазіргі заманғы адамның ой-пікірінің бейнесін қалыптастырады, шекараларды жойып, әлемнің ашықтығын арттыра түседі,

сонымен бірге оның осал тұстарын көрсетеді”, – деп тоқталды сенатор.

Дариға Назарбаеваның пікірінше, бұл форумның ЕХРО көрмесіне сай келуі де кездейсоқтық емес.

“Биыл біз конференцияны өткізу күнін арнайы өзгерттік. Ондағы мақсатымыз, сіздерге Болашақтың энергиясы саласындағы әлемдегі қызықты жетістіктермен танысуға мүмкіндік беру болатын. Біздің ел үшін мұндай үлкен шараны өткізу – мақтаныш қана емес, ол ұлттық экономиканың барлық саласының дамуының катализаторы болады деп сенеміз. Құрметті қонақтар, біздің қуанышымызды бөлісуге келгендеріңіз үшін қуаныштымын. Жақсы достармен қуанышты бөлісу оны бірнеше есе көбейте түседі.

XIV Еуразиялық медиа форумның жұмыс күндерінде пікірталастарға құрметті қонақтар қатысады. Олар – Түркияның 11-і президенті Абдолла Гүл, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі, АҚШ-тың бұрынғы энергетика министрі Билл Ричардсон, Израиль Премьер-Министрі Әкімшілігінің бұрынғы басшысы, келіссөздер бойынша бас маман Гилад Шер, әлемнің ең жас көшбасшыларының бірі Параг Ханна, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Пачаури, жуырда өзінің тамаша энергиясымен барлық интернет-кеңістікті «жарған» «биші-миллионер» Джанлукка Вакки және басқа да маңызды және есімдері әйгілі тұлғалар бар”,-деп тоқталды Дариға Назарбаева.

Осы орайда ол конференция жұмысына қатысуға шақыруды қабылдаған меймандарға алғысын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз