Астана қаласы ішкі істер департаменті Тұран даңғылынан батыс жаққа қарай орналасқан көпфункционалды құрылыс кешенінің бас мердігері болып табылатын, «Алға Тоқболат» ЖШС-нің директоры 1978 жылғы Ержігіт Әлжанға қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ержігіт Әлжан 2013-2015 жылдар аралығында жалпы соммасы 1 млрд 600 млн теңге құрайтын 200-ге жуық инвесторлармен инвестициялау жолымен келісімшартқа отырып, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтамаған.
Астана қаласы ішкі істер департаменті Ержігіт Әлжанның әрекеттерінен зардап шеккендерді мына тел.нөмірлері бойынша хабарласуыңызды өтінеміз: 71-63-41, 8-707-900-88-18.
Еске сала кетелік, алдында Астана қаласында бірнеше тұрғын үй кешенін салушы „Төленді„ тұрғын-үй құрылыс компаниясының басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кеткен болатын.
Осыған байланысты Астана қаласы ішкі істер департаменті қазақстандықтарға «Столичный-2» (Абай көшесі мен Сарыарқа даңғылы қиылысында), Аниса», «Аниса-2», «Аниса-3» (Қорғалжын тасжолы), «Көктал-2» (Тілендиев даңғылы 50/1 үй), «Абат» (Е 181, 363 пен 429 көшелері қиылысы), «150 лет Абая» (150 лет Абая көшесі мен 167 көшесі қиылысы) және № 23-31 және Ахмет Байтұрсынов көшелері қиылысы аудандарындағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмауға кеңес берген.