Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанада СОБР қызметкерлері марапатталды

134

Ағымдағы жылдың 8-11 қазан аралығында Алматы қаласында Кеңес үкіметінің батыры Саду Шәкіровтың еске алуына арналған қоян-қолтық күрестен Қазақстан Республикасы Кубогына Астана қаласы ІІД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты, сонымен қатар еркін күрестен спорт шебері Нұрлан Тұрғанбаев қатысты. Бұл жарыста 85 келі салмақтағылар арасында сыңға түскен полиция қызметкері жүлделі І-орынды иеленді.

2016 жылдың 18-19 қазан аралығында Ақтау қаласында Қазақстан құқық қорғау органдарының 270 қызметкерінің арасында тоғыз салмақ категорияларынан чемпиондық титулдары үшін жарыс болып, оның құрамында ең мықты спортшы, чемпиондар және әртүрлі рангтағы чемпионат жүлдегерлерінен тұратын 25 команда бақ сынасты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Астана қаласы ІІД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты, бокстан спорт шебері, сондай-ақ қоян-қолтық күрестен спорт шеберінің кандидаты – Асылбек Ибрагимов 70 келі салмақта жүлделі І-орынға ие болды.

Биыл 13 тамызынан 23 қазан аралығында Астана қаласында «Футболдан Әуесқойлар Лигасы» арасында Чемпионат өтіп, Астана қаласы ІІД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының футбол командасы жалпы командалық «D» лигасында жүлделі 3 орынды қанжығаларына байлады.

Турнирдің «Үздік шабуылшы» атағына Астана қаласы ІІД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының полиция аға лейтенанты Данияр Еңсепов лайық деп табылса, ал «Үздік қорғаушы» атағы осы жасақтың полиция лейтенанты Рустам Әубәкіровке бұйырды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз