Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада Сирияның оппозиция өкілдерімен кездесу басталды

Оның айтуынша, “Астана-2” қорытынды келіссөзі болады, ал Сирия өкілдері арасында келіссөздер 23-ақпанда Женевада басталады.

“Тараптар қорытынды сөз мәтінін қарастырады. Оқ атуды тоқтату режимінің орындалуын қадағалайтын жедел топ құру мәселесі талқыланып жатыр. Сонымен бірге, оқ ату тоқтатылған аудандарға бірнеше елді-мекендерді кіріктіру мәселесі де қарастырылып отыр, бұл Астанадағы келіссөздердің маңызды бөлігі”, – деп атап өтті ол.

Еске салайық, Астанада 15-16 ақпанда Сириядағы жағдайды реттеу бойынша тағы да отырыстар өтеді. Бұл жолы Ресей тарапы Астанадағы кездесуге АҚШ өкілдерін шақырды.

Мұның алдында келіссөздерге қатысатындығын Ресей, Иран, Туркия, Иордания және Сирия Араб Республикасының үкімет растаған болатын. Сонымен бірге, кепіл мемлекеттердің ұсынысын қабылдаса, сириялық қарулы оппозиция өкілдерінің келетіні хабарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз