Астанада әлеуметтік желі арқылы жұртты алдаған ер адам қолға түсті. 43 жастағы күдікті TikTok желісінде өзін көріпкел ретінде таныстырып, «болашағыңды болжаймын» деп жарнама жасаған. Ол жалған қызмет көрсетемін деп, азаматтардан ақша алған.
Полицияның мәліметінше, ол кемі екі алаяқтық дерекке қатысы бар. Бір жағдайда 250 мың теңге алғанымен, уәде еткен қызметті көрсетпеген. Тергеу басталды, күдікті кінәсін мойындады.