Астанада өз өзіне қол жұмсаған қыздың кім екені анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер қайтыс боғлан қыздың кім екенін анықтады. Ол Ақмола облысының 1997 жылғы тумасы екен. Уақытша Астанада жігітімен тұрып жатқан”, – деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова. Ол қайтыс болған қыздың достары мен жақындарынан сұрау алынғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, қыз бен жігіттің арасында бірнеше рет жанжал шыққан. Қайтыс болған қыздың сәбиі артында қалды.