Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада нөсер жаңбыр жауған күні қайықпен жүзген жігіт неліктен олай істегенін айтты

Жас жігіт қалалық сот досы екеуіне 5 АЕК (әрбіріне 12 мың 025 теңге немесе 33 доллар) айыппұл салғанда, қазақстандықтардың оларға қолдау көрсеткені үшін өте қуанышты екенін жасырмады.

Астананың ішкі істер департаменті ер адамдардың қылығын ұсақ бұзақылық деп бағалап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырды.

“Заңгерлер менімен байланысқа шықты. Олар біздің әрекетімізде ешқандай  бұзақылық болмағанын айтып отыр. Біздің қылығымызды қайықтарды пайдалану ережесін бұзу ретінде ғана қарастыруға болады, одан басқа ештеңе емес”, — деп сөзін жалғады атышулы видеоның кейіпкері.

Сот шешімі бойынша жігіттер бір ай ішінде айыппұл төлеуі тиіс немесе он күн ішінде шешімге шағым түсіре алады.

“Апелляция туралы әлі ойланып жатырмыз, бүкіл ел бізді қолдап отыр. Мен өзімді кінәлімін, заң бұздым деп санамаймын. Бір заңгер тіпті “қайыққа заңгерді отырғызып алып, қалаған жерлеріңде жүзіңдер” деп қалжыңдады”, — дейді Жандос Садыбек.

Жас жігіт болашақта қызықты бейнероликтер түсіріп, хобби ретінде блогингпен айналысуды жоспарлап отыр.

Бірнеше күн ішінде екі ескекші түскен видео 500 мыңнан астам рет қаралды.

Астанада 20 тамыз күні нөсер жауын жауған еді. Төпелеген жауыннан қала көшелерін лезде су басты. Қала әкімдігі нөсер жүйесі мәселесін келесі жылы шешуге уәде берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз