Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Астанада министр ерлік көрсеткен балаларды марапаттады (фото)

223

Бұл іс-шараның мақсаты – «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы аясында өскелең ұрпақты азаматтық, ар-намыс және патриоттық рухта тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамда батыр балалардың ерлік істерін баяндауға мүмкіндік жасап, кішкентай батырларға алғыс білдіру деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Марапаттау рәсіміне еліміздің әр түпкірінен 20 батыр бала шақырылған болатын.

«Мен сіздерге үлкен құрмет көрсете отырып, Астана қаласына қош келдіңіздер деймін. Еліміздің жүрегі – Астана биыл өзінің 20 жылдық мерей тойын атап өтеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаявтың көреген саясатының арқасында бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналды. Астана тек қана еліміздегі қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірдің орталығы емес, бүкіл Еуразия кеңістігінің жүрегі саналады», – деді Қалмұханбет Қасымов марапаттау рәсімінде.

Қалмұханбет Қасымов барлық балаларға денсаулық, табыс тілеп, болашақта да осындай батыр, қырағы, рухы күшті, ержүрек қалыптарын сақтап, биіктерден көріне берулеріне ағалық тілектестігін жеткізді. Бұдан соң министр батыр балаларды өз қолымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалдарымен марапаттап, бағалық сыйлықтар ұсынды.

Салтанатты іс-шара барысында балалар құрметті қарауылдың өнерлерін, әскери оркестрдің орындауында патриоттық және әскери композицияларды тамашалады, Оқушылар сарайына және астананың көрікті жерлеріне саяхат жасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз