Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Астанада күзетші зергерлік бұйымдарды қоқысқа лақтырып тастаған

Қоқыстың орнына зергерлік бұйымдарды лақтырып жібергенін күзетші бір сағаттан соң бірақ білген.

“Ағам келіп “күміс білезік салынған қорапша қайда?” деп сұрады. Өзімнің қателесіп қоқыстың орнына білезіктерді лақтырып жібергенімді сол кезде барып бірақ білдім. Жүгіріп қоқыс контейнеріне барсақ тазалықпен айналысатын коммуналдық ұйымның көлігі келіп тұр екен. Бірақ тұрмыстық қалдықты артып үлгермепті. Қоқысты қопарғанда өзім шығарған жәшікті таптым. Алайды ішіндегі зергерлік бұйымдар салынған пакеттер жоқ. Біздің ойымызша оны тұрғылықты жері жоқ адамдар, яғни бомждар алып кетті”, — дейді күзетші.

Оның айтуынша, білместікпен келтірілген залалдың көлемі 2,5 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні дүкеннің басшылығы полицияға арыз жазды.

“Айналадағы бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Ол жерде камера аз емес, бірақ қоқыстың маңайын бірде-бір камера түсірмейді екен”, —деді ол.

Жас жігіт зергерлік бұйымдардың табылатынына үміттеніп отыр.

“Мен ол әшекейлердің табылатынына сенімдімін. Себебі ондай зергерлік бұйымдар тек тапсырыспен жасалады, яғни ол экслюзивті зат болып табылады. Бұған қоса тергеушілердің айтуымен әлеуметтік желілерге хабарлама жаздым. Тауып алып, хабарласқан адамға сыйақы беріледі”, — деді Әмірханов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз