Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
4
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Астанада көпқабатты үйден құлап, тірі қалған қыздың хаты табылды

Қазір қыз есін жиғанымен, алған жарақаттары мен сынықтарына байланысты жағдайы әлі де ауыр.

“Қызым тірі қалса екен, басқа ештеңе керек емес. Оның денсаулығы үшін мені қазір жансақтау бөліміне де кіргізбей жатыр. Есін жиған соң ата-анасын сұрады, әрі қарай ештеңе айтқан жоқ дейді дәрігер. Травматикалық шок алғандықтан сөйлеуінде де ақау бар. Ертең оған жасалатын ем туралы бәрін айтады. Ішкі органдары сау екен. Мені, ең қинайтыны, ол көп қан жоғалтты”, – дейді әйел.

Анасының сөзінше, қыз колледждегі кей жағдайға қатысты психологиялық қиындыққа тап болған. Ал оқу орынындағы психолог болса, сен маған емес, психикалық ауруханаға баруың керек депті. Сондай-ақ, полиция қыздың оқиға алдында жазған хаты табылғанын, бірақ, оны әйелге көрсетпейтіндерін айтыпты.

“Маған тергеуші оқиға алдында жазған қыздың хаты бар екенін айтты. Мен көрсетуін сұрап едім, ол қарсы болды. Тым құрыс ауызша айтып беріңізші деп едім, ол оған да қарсылық танытты. Мен бәрібір оған не болғанын білуім керек қой”, – дейді Спирина.

Сол күні қыздың мүлде көңіл-күйі болмаған. Таңертең сабаққа баруға да аса құлшынысы бола қоймапты. Және әдеттегідей анасымен де сөйлеспеген.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған. 15-қабаттан құлаған қыз тұрақта тұрған автокөліктің үстіне түсіпті. Ауыр жағдайда жатқан қызға қан керек болғаны туралы да ақпарат шыққан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз