Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада қымбат көлігімен адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты

Яғни, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты мекеменің басшысы үш жыл бұрын Range Rover-дің рөліне ие бола алмай, тура Министрліктер үйіне соғылыпты. Ақпараттық есептеу орталығының бөлім басшысы бұл үшін тек 20 мың теңге айыппұл төлеп құтылған. Ол кезде оның талма ауруы ұстаған ұстамағаны белгісіз.

Айта кетейік, Болат Молдағалиев бес күн бұрын дәл осы Есілдің сол жағалауындағы Достық көшесінде үш адамды қаққан болатын. Оның біріне еш зақым келмеген, екіншісі жеңіл жарақат алып, үшіншісі  ес-түссіз ауруханаға жеткізілген еді. Әсел Рымханова қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Апаттан кейін жүргізуші рөлде эпилепсия ауруы ұстағанын айтып, 24 жастағы қыздан кешірім де сұраған. Алайда зардап шегушінің туыстары жүргізушінің заң алдында әділ жазасын алғанын қалап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз