Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы бітті

Бүгін ҚР Бас прокуроры Берік Асыловпен бірге құрылыс жұмысы толық аяқталған нысанды аралап көрдік. Стадион Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынды. Бас прокуратура заңсыз жолмен иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Нысанда көрерменге арналған трибуналар, конференц-зал, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық кабинеттер, әкімшілік блок пен техникалық аймақтар, сондай-ақ VIP-ложалар қарастырылған.

Сол сияқты стадионда жаттығу өткізіп жатқан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен әңгімелестік. Жобаны іске асыру елорданың спорт инфрақұрылымын дамытуға және қалалық әрі республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған, – деді қала әкімі.

Қазіргі уақытта нысанды пайдалануға беру бойынша заңдық және ұйымдастырушылық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта стадион Астана қаласы әкімдігінің «№8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ теңгерімінде болады.

Стадионның толықтай ашылуы 4 маусымға жоспарланып отыр. Ол 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында БЖСМ мен ОРМБЖСМ командалары қатысатын Қазақстан Республикасының жыл сайынғы футбол чемпионаты аясында өтеді. Чемпионатқа еліміздің түрлі өңірлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резерв мектептері мен футболшылар даярлау орталықтары атынан ең мықты 15 команда қатысады.

Турнир Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер футболы жүйесіндегі маңызды республикалық жарыстардың бірі болып саналады және бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасында футболды насихаттауға, сондай-ақ жас спортшылардың даярлық деңгейін арттыруға бағытталған», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз