Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада 37 келі есірткіні сатпақ болған күдікті ұсталды

18-желтоқсанда елордадағы есірткі тасымалы жолдарын кесу мақсатында өткізілген шұғыл іздестіру шаралары кезінде 39 жастағы ер адам ұсталды.Қазір ол уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Шақпақ көшесінің бойынан 13 келі гашиш есірткісі табылып, тәркіленді. „Линда„ есімді иісшіл иттің көмегімен жабдықталған құпия жерден 23 келіден астам марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 37 келі. Бұл есірткіні ер адам осы елордада сатпақ болған. Ұсталған адам бұған дейін де заңсыз есірткі саудасы үшін сотты болған.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тіркеуге алынды.

Жыл басынан бері Астанада 275 келі әртүрлі есірткі заты анықталып, тәркіленген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз