Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
8
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Астанада бір топ жігіт көлік қойысы ұнамаған келіншекті тепкілеп, өлтіріп тастады

Жергілікті тұрғындар өлімші етіп сабаған келіншекті олар гараждың артындағы кісі аяғы баспайтын қуысқа апарып тастаған деп топшылайды. Таңертең 8-тамызда есі кіресілі-шығасылы келіншек сол арадан табылады.

Жедел жәрдем стансасындағылар марқұм әйелдің денесіндегі жарақаттар адам төзгісіз еді деп айтқан.

“Ол күн әлі есімде. Денесінің сау-тамтығы жоқ, көкала қойдай әйелді әкелдік. Ол әлі тірі болатын, бірақ алған жарақаттарының ауырлығы соншалықты, оны аман алып қалу мүмкін емес секілді көрінді. Біздің бригада жеткізген травматология және ортопедиология ғылыми-зерттеу орталығының ауруханасында ол кейіннен көз жұмыпты” дейді жедел жәрдем стансасының диспетчері.

Марқұм келіншектің артында екі баласы қалды.

“Шолпан” дүкеніндегі сатушының айтуынша, келіншектің өліміне әскерилер кінәлі көрінеді. Бір полковник пен бірнеше солдат туралы сыпсың сөз жүріпті. Ал Астана ішкі істер департаменті бұл қайғылы оқиғаға байланысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз