Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

Еске салайық, 6-желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің 1968 жылғы азаматша Майра Рысманова екені анықталған. Ол 1988 жылғы Е.Ахметов есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барған. Майра Рысманова Бас прокуратураға 2016 жылы 28-қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын”, – деді ведомстводағылар.

Ал кейінірек Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз