Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада балаларға арналған жыл сайынғы қысқы спорт фестивалі өтті

267

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты: дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Жарыс «Ақбозат» демалыс аймағында өтті, бұл күні ол Аяз Атаның резиденциясына айналды, онда балалар шайбалы хоккей, шаңғы эстафетасы, нысанаға қар лақтыру, карель жарысы және қармен мүсін салу бойынша сайысқа түсумен қатар, қарда жүргішпен және шанамен сырғанап ойнады.

Танымал хоккейші, «Барыс» хоккей клубының ойыншысы Найджел Доус іс-шараның қадірлі қонағы болды.

Музыка, тәтті тамақ, сондай-ақ сыйлықтар спорттық іс-шараны нағыз мерекеге айналдырды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары – Сұлтан Айтжанов өзінің құттықтау сөзінде: «Осындай іс-шаралар арқылы біз балаларды бір-бірімен дос болуға, спортпен шұғылдануға деген ынтазарлығын арттырғымыз келеді. Спорт балаларға командалық рухты тәрбиелеуге, олардың бірлігін нығайтуға, мақсаттарына жетулеріне, бәсекеге қабілеттігін арттыруға оң ықпалын тигізеді», – деді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Шайбалы хоккей» бойынша 1-ші орынды Астана қаласының №30 орта мектебінің «Барыс» командасы жеңіп алды, 2-ші орынды Ақмола облысының «Арыстан» командасы иеленді, 3-ші орынды Астана қаласының № 37 орта мектебінің «Сарыарқа» командасы жеңіп алды.

«Нысанаға қар лақтыру» бойынша 1-ші орынды Астана қаласының №16 орта мектебінің «Вымпел» командасы иеленсе, 2-ші орында – Солтүстік Қазақстан облысының «Айыртау» командасы, ал 3-ші орынды – Қостанай облысының «Қостанайлықтар» командасы иеленді.

«Карель жарысы» бойынша 1-ші орынды Ақмола облысының «Арыстан» командасы жеңіп алды, 2-ші орынды – Астана қаласының №27 орта мектебінен «Аю» командасы, ал 3-ші орынды Қарағанды қаласының «Жас Қыран» командасы иеленді.

«Шаңғы эстафетасы» бойынша 1-ші орынды Қарағанды қаласынан «Жас Қыран» командасы жеңіп алса, 2-ші орынды Павлодар қаласының «Сарыарқа» командасы, ал 3-ші орында – Қостанай облысының «Қостанайлықтар» командасы иеленді.

«Қармен мүсін салу» бойынша 1-ші орын Ақмола облысының «Арыстан» командасынан Давлетин Дмитрийге, 2-ші орын – Қостанай облысының «Қостанайлықтар» командасынан Недосейкина Аленаға, 3-ші орын – Астана қаласының №16 орта мектебінің «Вымпел» командасынан Қарамысов Диасқа берілді.

Командалық есеп бойынша 1-ші орынды Ақмола облысынан «Арыстан» командасы, 2-ші орынды Қарағанды ​​қаласынан «Жас Қыран» командасы, ал 3-ші орынды Астана қаласының №16 орта мектебінен «Вымпел» командасы иеленді.

Қысқы фестивальге 200-ге жуық бала қатысты. Жарысқа 10 жастан 14 жасқа дейінгі жас спортшылардан құралған 5 өңірлік және 4 елордалық команда қатысты. Аймақтық қатысушылардың жалпы саны 110 болса, Астана қаласынан 88 мектеп оқушысы қатысты.

Тұңғыш Президент қоры жыл сайын балаларға арнап түрлі спорттық іс-шараларды өткізеді. Оның ішінде қысқы спорт фестивалі, бірінші паралимпиялық старттар, «Аман келешек» фестивалін атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз