Астанада “ақылды аудан” пайда болады. Ондағы орындық, бағана, жарық, аялдамалардың бәрі инновациялық технологиялармен жабдықталады, деп хабарлады 24.kz.
Ноу-хау жетістіктері алдымен ескі қалада, яғни елорданың оң жағалауында енгізіледі. Анығында Астана тек көрікті шаһар ғана емес. Бас қала “ақылды қала”
Бұл жердің аулалары толығымен жаңғыртылады.
“Тіпті адам танымастай өзгереді”, – дейді Астана Innovation компаниясының өкілдері.
Дәлірек айтсақ, жылы тротуарлар мен жолдар орнатылады. Ол ол ма, мұндағы орындықтар, бағаналар, автотұрақтар, үйлер, балаларға арналған алаңдар, аялдамалар, бағдаршамдар мен қоқыс жәшіктері – бәрі-бәрі “ақылды” болмақ.
“Егде адамдардың көктайғақтан аяқ-қолдарын сындырып, ауруханада жатқанын үнемі естиміз. Сондықтан адамдар жиі сүрінетін жерлерге жылы тротуарлар орнату керек. Инновациялық жолдар қатқан мұзды ерітіп жібереді”, — дейді “Астана Innovation” АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.
Олжас Сартаевтың айтуына қарағанда, “ақылды” жобалардың қайсысы нақты қолданысқа енетінін жергілікті тұрғындар шешеді. Егер инновациялық бастамаларға қатысты ұсыныстар болса, онда компанияның ресми сайтына хат жолдауға мүмкіндік бар.