Астананың 32-ші гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындады деп айыпталды.
Мұғалім оқушы қыздарға кешкі сағат 21:00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп хат жазған. Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған.
Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.
Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған.
«Бүгінгі таңда қалалық полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасы.