«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» атты жобаның шеңберінде елорда әкімдігі, құқық қорғау органдарымен прокуратура қызметкерлері біріге отырып, қаладағы «резеңке пәтерлермен» күресу шараларына кірісті.
Құқық қорғау органдарының өкілдері шара барысында елордада бір пәтерде 30-дан 2,5 мың адамға дейін тіркелген ондаған пәтерлерді анықтады.
Енді тіркеуден шығарылған азаматтар үшін аталған мән-жайлар кейбір мемлекеттік қызмет түрін алуға және мемлекеттік тұрғын-үй алуға қиындық тудыратын болады.
Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаланың коммуналдық қызметтерімен «резеңке пәтерлерде» қызмет (сумен қамтамасыз ету, қоқыс әкету) құны қайта есептелуде.
«Аталғандарды ескере отырып, қала қонақтарын заң талаптарын бұзбауды және «созылмалы пәтерлерде» тіркеу түріндегі заңсыз қызметтерді жүзеге асыратын күмәнді тұлғалардың көмегіне жүгінбеуді, ал қала тұрғындарын тіркеу деректерін тұрғылықты жері бойынша сәйкестендіруді сұраймыз», — дейді Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.