Нұр-Сұлтан
Қазір
-17
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астанада 11 медициналық мекеме бой көтереді

Жедел медициналық жәрдемді дамыту аясында жақын уақытта №2 қалалық көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешенінің (ҚДК) құрылысы аяқталады.

Бұл жедел медициналық жәрдемнің қолжетімділігі мен көрсетілу жылдамдығының артуына мүмкіндік беріп, стационарлық көмектің флагманына айналады. Сол сияқты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауымен Сарыарқа ауданындағы №3 жаңа көпбейінді қалалық аурухананың (КҚА-3) жобалау жұмысы жалғасып жатыр.

Балаларға көрсетілетін жедел медициналық көмекке ерекше назар аударылады. 2026 жылдың 15 ақпанына дейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Нұра және Есіл аудандары үшін балаларға арналған травматологиялық пункт жұмысын бастайды. Бұл оң жағалауда орналасқан қолданыстағы балалар травмпунктіне түсетін жүктемені едәуір азайтып, балаларға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, елордада денсаулық сақтау саласына қатысты 11 жаңа нысанның құрылысы көзделген. Олардың қатарында республикалық орталықтар, көпсалалы ауруханалар, емханалар және қосалқы жедел жәрдем станциялары бар», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз