Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» кезеңіндегі жеңісін елорда күніне арнады

Еске сала кетсек, Италия чемпионы, «Астана» командасының велошабандозы Фабио Ару «Тур де Франс» көпкүндігінің бесінші кезеңінде тамаша жеңіске жетті. Ару 160,5 км қашықтықты еңсеріп, Ла-Планш-де-Бель-Фий асуының басындағы аралық мәреге өзі жалғыз жеткен болатын.

«Сөре алдында мен мәреге 3 шақырым қалғанда алға озуды көздегенмін. Мен жарыста шаршамадым, соңғы шақырымдарда бар күшімді салдым. Үмітім ақталды. Арманым орындалды. Өйткені мен «Джиро д’Италия» мен «Вуэльте Испания» жарыстарында жеңіске жеттім, сондай-ақ «Тур де Франс» кезеңінде де бірінші болғым келетін. Бүгінгі жеңісіммен тоқталып қалмаймын, алдымда барлық көпкүндік мәресі тұр. Мен оған барымды саламын. Бүгін осы жеңісті атап өтуіміз керек», – деді Фабио Ару.

Фото: astanaproteam.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз