Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Астана” Варшавада “Легиядан” ұтылды, алайда, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

Ойынның бірінші таймы есепсіз аяқталды. Ал екінші таймда алаң иелері шабуылдарын үдетті. Осылайша, ойынның 76 минутында хавбек Себастьян Шиманьски допты бұрыштан қорғаушы Якуб Червиньскидің басына дәл шығарып бере алды.

Ары қарай ойынға бес минут қосылғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Ойынның 98 минутында “Астана” қақпашысы Александр Мокин қарсыластардың шабуылын қайтарып, жарақат алып қала жаздады. Дәрігерлер қақпашыға көмек көрсетті, алайда, бұл біраз уақыт алғандықтан ойынның аяқталғанын білдіретін ысқырық 98-ші минутта болды.

© vk.com/astanafootballclub

Еске салайық, “Астана” – “Легияның” алғашқы матчінде қазақстандықтар өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен боатын. Осылайша, қазақстандық клуб польшалықтардан жалпы 3:2 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының плей-офф раундына өтіп отыр.

“Астананың” Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы 4 тамызда жеребе арқылы таңдалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз