Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астана әуе-жайында құны 380 миллион теңге болатын 32 сұңқар тәркіленді

145

«Астана-Шаржы» бағытымен ұшқалы тұрған G9-252 рейсіне жүк тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде шекарашылардың назарын қомақты 4 сөмке еріксіз аударды», деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Әлгі сөмкелердің тіркеу жапсырмаларының жоқ екендігі байқалды. Шекарашылар сөмкелерді ашып, тексеру керектігін талап етті. Ал тексеру кезінде сөмкелерден бір емес, бақандай 32 дана сұңқар шыға келгенде тұрғандардың таңданысында шек болмады.

Ал қазіргі бағамен олардың орташа құнын есептегенде, артық-кемі жоқ 380 000 000 теңгеден асып жығылды. Оның үстіне аталған жыртқыш құстардың әлемде сирек кездесетіндігін де қосып қойыңыз. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз