Астана мен Алматыдағы айыптұрақтар енді ақылы болады. Бұл өзгеріс «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілетін түзетулер аясында қарастырылып отыр. Бүгін Сенат аталған заң жобасын мақұлдап, оны Президенттің қол қоюына жолдады.
Жаңа нормаларға сәйкес, айыптұрақтарда көлікті жеткізу мен уақытша сақтау үшін төлемақыны жергілікті мәслихаттар белгілейтін болады. Қазіргі уақытта екі қалада үш айыптұрақ бар, олар коммуналдық меншікте және ақысыз жұмыс істейді. Заң күшіне енгеннен кейін төлем тәртібі мен тарифтерді бекіту біраз уақытты алады.