Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Астана клубы” сарапшылары Еуразиядағы жаһандық қауіптер рейтингін таныстырды

 Зерттеудің мақсаты – Еуразия аймағындағы ғана емес, жалпы әлем бойынша қалыптасқан геосаяси және геоэкономикалық үрдіске баға беру.

«Сауда соғыстары, санкциялық және басқыншылық саясат орнаған бұл заманда текетірестерді шешуге бағытталған, БҰҰ, ДСҰ сынды маңызды халықаралық институттардың өздеріне қауіп төніп тұр. Қазіргі үрдістер жаһандық қауіасіздік жүйесі дағдарысқа ұшырағанына дәлел. Ал бұның салдары ауыр болмақ. Сондықтан Еуразия қазіргі күрделі, әрі маңызды шешім қабылдауға мәжбүр. Не бірігуі тиіс, не жаһандық шиеленіс алаңына айналу қаупі туады»,- деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат Институтының директоры Ержан Салтыбаев.

Сарапшылардың болжамына сәйкес өңір үшін төніп тұрған басты жаһандық қауіптер мыналар: Қытай мен АҚШ текетірестерінің шиеленісуі, кең ауқымды сауда соғыстары, Таяу Шығыстары үлкен соғыс, Ресей мен Батыс арасындағы қарым қатынастың одан әрі нашарлауы, Еуразиядағы «шиеленіс ошақтарының» қайта жандануы, этнос пен конфессияаралық шиеленістердің ушығуы, экологимяға және су ресурстарына төнген қауіптердің ушығуы, киберқауіптердің күшеюі, жаппай қаруланудың жаңа кейпі, ірі ядролық және техногенді апаттар қаупі.

Айта кетсек, зерттеу жұмысына әлемнің ең үздік 30-дан аса сарапшылары мен саясаткерлері қатысқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз