Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астана әкімі “Фейсбукте” отырады екен. Исекешев өзіне тағылған сынға жауап берді

Маған әкім ретінде болашақта тиісті шаралар қолданып, ведомствоның жұмысын жетілдіріп отыру үшін осындай жағдайлар туралы біліп отыру керек. Кез келген уақытта қандай проблема болмасын біздің сайтымыздағы арнайы ашылған бөлімге жазыңыздар. Онда операторлар отыр. Олар тәулік бойына сол мәселелерді анықтап, тіпті тиісті шешім де қабылдайды. Күн сайын маған сағат 8-00-де қалыптасқан жағдай жөнінде есеп беріледі»,-деп қосты әкім.

«Әдетте мұндай проблемалар бізде жоқ. Алайда, өткір респираторлы жұқпалы инфекциялар көбейген кезде бригадалар жетіспей жатады. Бүгін міне, барлық 84 бригада жұмысқа шықты, оған қосымша біз емханалардан 84 жедел жәрдем бригадаларын қостық. Бүгін 3 мыңнан астам қоңырау түсті. Келесі жылы бригадалар санын көбейтеміз. Қазір канадалық сарапшыларды тарттық.

Астанада ауруханалар жетерлік, бірақ ең алдымен жедел жәрдем жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мен үшін бұл маңызды. Видеода жаңа жедел жәрдем орталығының жұмысы көрсетілген. Барлық көліктерге навигаторлары орнатылған, логистика қайта құрылды. 31 көлік сатып алдық. Келесі жылы тағы да сатып аламыз. 2017 жылы жедел жәрдем сапасы айтарлықтай жақсарады деп үміттенемін», – деп жазды Әсет Исекешев Фейсбук тобына.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз